«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРАЙСЫҢ, ЖАРҚЫН!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар мектебінің жетекшісі, халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметi орталығының бөлім меңгерушісі Жарқын Жұпархан 26 ақпан күні Тараз қаласында өткен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысында жүлделі 3-орынды иеленді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 және жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада жерлесіміз Жамбыл өңірінің айтыскер ақыны, облыстық «Ақжол» газетінің журналисі Есет Досәлімен сөз жарыстырды. Ол жүз жасаған бабамыздың суырып салмалығы мен шығармашылығын жырға қосып, Жамбыл сынды ұлы тұлғаларымызды ұлықтау Тәуелсіздігінің арқасы, аға буынның қажырлы еңбегінің жемісі екенін ерекше атап өтті.
Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 22 ақынның өнерін Қазақстан және КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған ұлт зиялылары бағалады. Қазылардың шешімімен бас жүлде Жамбыл облысының тумасы Қанат Мырзаханның қанжығасына байланды. Топтан оза шапқан ақынға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp