«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.03.2021

КОЛЛЕДЖ МАҚТАНЫШЫ

Екатерина Восипенок – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің беткеұстар студенті, мақтанышы. Үйінде де, колледжде де барлығына үлгеретін қыз шаршауды білмейді. Осы көпшілдігімен кімге болса да көмекке дайын тұратын мінезі үшін мұғалімдер де ерекше жақсы көреді.

ЖАР ТАҢДАУДА ЖАҢЫЛМА

Жастардың өмірінде жауапкершілікті қажет ететін істің бірі – жар таңдау. Жастықтың буымен өмірлік қосағын таңдауда қателесетіндер қаншама?! Ендеше, осы мәселеде сүрінбеу үшін неге мән беру керек? Дана ата-бабаларымыз жар таңдауға қатысты қандай өсиет қалдырған?

Түркияда тегін оқиды

Облыс орталығындағы “БЭСТ” гимназиясының 11-сынып оқушысы Тоғжан Ахметова қайыңның қабығынан алынған бетулиннің емдік қасиеттерін зерттегені үшін Түркияда өткен BUCA IMSEF халықаралық ғылыми жобалар байқауында алтын медаль жеңіп алды. Бұл зерттеуді ол Оқушылар сарайының химия-биология үйірмесінің мұғалімі Әлия Хамитхожаеваның жетекшілігімен екі жылға жуық жүргізді.

БАУЫРЖАН — БАС АСПАЗ

Бүгінгі таңда саусағынан бал тамған аспаз ер адамдар аз емес. Солардың бірі – облыс орталығындағы “Mont Blanс” мейрам­ханасының бас аспазы Бауыржан Дәркеев. Ізденімпаз жас дәмі тіл үйіріп, таңдайда үгітілер тағамдарды дайындап, келушілердің ілтипатына бөленіп жүр.

Тамсандырған “Таңшолпан”

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де музыкалық пәндер кафедрасының бастамасымен “Таңшолпан” облыстық ән байқауы өтті.

ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің агротехнологиялық факультеті екі жыл бойы болашақ технолог мамандарды даярлау үшін “Eurasian milk” ЖШС-мен тығыз әріптестік байланыс орнатты. Қазіргі уақытта бұл серіктес кәсіпорында 16 студентіміз тәжірибеден өтуде, оның алтауы – “Серпін” бағдарламасымен оқитын қыз-жігіттер.

ГРАНТ ИЕГЕРІ

Университетімізге қуанышты хабар жетті. Білім және ғылым ми­нистрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру­дың ғылыми-техникалық конкур­сына қатысып, “Жаңартыл­ған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мәнерлі сөйлеу құралдарын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіз­­дері (орта білім жүйесі)” жобасы бойынша 38 млн. тең­ге грант ұтып алған ұжым­дық топтың арасында М.Қозыбаев атындағы жоғары оқу орнының оқытушылары да бар.

“АЛҒЫС АЙТАМЫН ХАЛҚЫМА!”

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының шектеу шаралары­нан кейінгі көрерменмен алғашқы жүздесуі ән мен биге толы мерекелік концертпен басталды. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай театр өнерпаздары Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясының шығармашылық ұжымдарымен бірлесіп, “Алғыс айтамын халқыма!” атты кеш ұйымдастырды.

ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРА БЕРЕДІ

Газетіміздің 9 ақпандағы санында “Сапаржайды сату тығы­рықтан шығар жол ма?” деген мақала жарық көрген болатын. Онда карантин шараларының кесірінен қаржылық қиындықтар туындаған “Петропавл автовокзалы” ЖШС-і сатуға шығарылуы мүмкін екені жайлы жазылған еді. Жақында осы мәселеге қатысты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Бейсенов түсініктеме берді.

Қаржының көбі ипотеканы жабуға жұмсалуда

Солтүстік Қазақстан облысында 11 807 адам зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Олардың жеткілікті шегінен асатын қаржысының жалпы сомасы – 21 млрд. теңгеге жуық. “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филиалының ішкі статистикасына сәйкес, өңірде 134 салымшы 10 миллион теңгеден астам қаражат алу мүмкіндігіне ие.

АУЫЛ АЗАМАТЫМЕН АЖАРЛЫ

Аққайың ауданы Лесное ауылдық ок­ру­гінің әкімі Қайрат Бабақовпен сұхбаттасып отырмыз. Әңгіме төркіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласына қарай ауысқанда жаны жадырап, жаздай жазылып сала бер­ді. Қазақи ортада тәлім-тәрбие алып, мек­тепті ана тілінде бітірген азаматтың сөз сап­тасынан, ойлау жүйесінен ел өміріндегі сая­си мәселелер бейжай қалдырмайты­нын, зер­десіне тоқып, өзіндік ой қорытып отыра­тынын аңғардық.

Дәстүрлі форматқа біртіндеп ауысады

Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова өңірімізде коро­на­вирустық инфекция бойынша жағ­дайдың тұрақтануына байланысты білім беру процесіне енгізілген өзге­ріс­тер жайлы айтып берді. Мектеп­тер ұзақ уақыт бойы қашықтан жұ­мыс істеді. Қазір облыс “жасыл ай­маққа” өтті. Карантиндік талаптар­дың жеңілдетілуі білім беру ұйым­дарының үйреншікті форматқа бір­тіндеп көшуіне мүмкіндік береді.

ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҒАРЫ Алдын алуға барлық күш жұмылдырылуы тиіс

Көктемгі су тасқынына дайындық – өзекті мәселелердің бірі. Қар күрт ерісе, өңіріміздегі өзен-көлдерге жақын орналасқан отыздан астам елді мекен су астында қалуы ықтимал. Қажетті алдын алу шаралары уақытында жүргізілмесе, көктемгі тасқынның зардабы одан да ауыр болуы мүмкін. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық барысы пысықталды.

АҚ ТҮТЕК БОРАНМЕН АРПАЛЫСҚАН азаматтарға ризашылығым шексіз

Ақпан айының орта тұсында өңірімізде көзді аштырмайтын ақ түтек боран соққаны көпшіліктің есінде болар. Күн райы бұзылмай тұрып Есіл ауданындағы Бірлік ауылынан облыс орталығына барып келуді жөн көрдім. Сондағы ойым балаларға базарлық, үйге азық-түлік сатып алу еді.

Қызыл жалын аяр емес

Өткен тәулікте облыс аумағын­­да үш өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалынның салдарынан екі адам қаза тапса, тағы екеуін күйік шалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі де­партаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.