«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛҒЫС АЙТАМЫН ХАЛҚЫМА!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының шектеу шаралары­нан кейінгі көрерменмен алғашқы жүздесуі ән мен биге толы мерекелік концертпен басталды. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай театр өнерпаздары Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясының шығармашылық ұжымдарымен бірлесіп, “Алғыс айтамын халқыма!” атты кеш ұйымдастырды.

Халқымыздың төл өнерімен бірге өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті паш етілген концертте Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы этно-мәдени бірлестіктер түрлі тілде ән салып, би биледі. “Кентрон” армян этно-мәдени орталығының белсендісі Ангелина Аракелова қиын кезеңдерде ата-бабасын қо­нақжайлылықпен қарсы алып, бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына деген ризашылығын “Туған жерім” әні арқылы жеткізді. Ал “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының “Ляйсан” вокал тобы өз тілдерінде “Эрбет” әнін орындап, қошеметке ие болды. Украин қызы Лидия Хамрачаеваның Шәмшінің “Арыс жағасындасын” әуелеткеніне аға буын өкілдері бір марқайып қалды.

Домбыраның үнінсіз кештің сәні келе ме?! Жұртшылық дәстүрлі әнші Ғалымжан Нұрпейісовті ду қол шапалақпен қарсы алып, әсем әуенін ерекше ықыласпен тыңдады. “Бимаржан”, “Sensitiv”, “Қуанамын” және “Алуа” би ансамбльдері де кештің ажарын аша түсті.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp