«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәстүрлі форматқа біртіндеп ауысады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова өңірімізде коро­на­вирустық инфекция бойынша жағ­дайдың тұрақтануына байланысты білім беру процесіне енгізілген өзге­ріс­тер жайлы айтып берді. Мектеп­тер ұзақ уақыт бойы қашықтан жұ­мыс істеді. Қазір облыс “жасыл ай­маққа” өтті. Карантиндік талаптар­дың жеңілдетілуі білім беру ұйым­дарының үйреншікті форматқа бір­тіндеп көшуіне мүмкіндік береді.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қау­лысына сәйкес 2020-2021 оқу жы­лы­ның 2 наурызынан бастап оқушы­лар саны 300 адамға дейінгі қала­лық және ауылдық мектептерде са­бақ дәстүрлі түрде жалғасады. Сон­дай-ақ, 9, 11-сыныптардың түлек­те­рін оқыту өзгеріссіз қалады. Яғни, олар үшін пәндердің 70 пайызы – штаттық режімде, 30 пайызы қа­шықтық­тан оқытылады. Алайда, сынып­тағы оқушылардың саны 15-тен аспауы тиіс.

Ал 1-ден 5-сыныпқа дейінгі сы­нып­тар толық құрамда оқиды. Бұ­рынғы 15 оқушыға дейінгі шектеу алы­нып тасталады. Бала ауырып қал­са, бол­маса өзін нашар сезінсе, онда ата-аналардың өтінішімен қа­шық­тан оқу режіміне ауыстырыла­ды. Осылай­ша, мектептердің жұмы­сы біртіндеп бұрынғы қалпына кел­ті­ріледі. Қажет болған жағдайда оқу процесі 2 ауы­сымда ұйымдастыры­луы мүмкін. Бұл талап мамандан­ды­рылған және арнайы мектептер­де және есту қабі­леті кем балаларға арналған интер­наттарда да сақта­лады.

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мек­теп формасына қойылатын талап­тар сақталады.

Жансая ҚАЙЫПОВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp