Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де музыкалық пәндер кафедрасының бастамасымен “Таңшолпан” облыстық ән байқауы өтті.
Талантты жастарды қолдау, вокал жанрын дамытуды мақсат еткен аталмыш сайыс биыл 11-ші рет ұйымдастырылды. Онлайн форматта өткен додада жергілікті жоғары оқу орны мен колледждердің студенттері, өңіріміз бен Ақмола облысының мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Дәлірек айтқанда, байқауда бақ сынаған 20-дан астам жас қазақ, орыс, ағылшын, итальян, татар және түрік тілдерінде ән салды. Сахнада халық әндерімен қатар осызаманғы туындылар да шырқалды. Қатысушылардың қай-қайсысы болмасын өздерінің талантты екенін дәлелдеуге тырысты.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені “Жас дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушісі София Ташланова жеңіп алды. Одан бөлек 6 адам – 1 дәрежелі, 8 орындаушы – 2 дәрежелі, тағы 6 бала 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Айғаным АСЫҒАТОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің
4-курс студенті.