«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГРАНТ ИЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Университетімізге қуанышты хабар жетті. Білім және ғылым ми­нистрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру­дың ғылыми-техникалық конкур­сына қатысып, “Жаңартыл­ған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мәнерлі сөйлеу құралдарын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіз­­дері (орта білім жүйесі)” жобасы бойынша 38 млн. тең­ге грант ұтып алған ұжым­дық топтың арасында М.Қозыбаев атындағы жоғары оқу орнының оқытушылары да бар.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Жанбай Қадыров, осы кафедраның доценттері, PhD докторы Гүлмира Мұхамеджанова және филология ғылымдарының кандидаты Самал Жуанышбаева ұсынған ғылыми бағдарламаның мақсаты қазақ тіліндегі экспрессивті сөйлеу құралдарының мәдени сипаттамалары мен байланысын анықтау, олардың оқыту әдістемесін зерттеп, жүзеге асыру, сонымен қатар ұлттық мектеп­тердегі жаңартылған білім беру мазмұнын кеңейту аясында әдістемелік жүйе ұсыну болып табылады.

Алдағы уақытта қазақ тілінде сөйлеу мәдениеті мен құзыреттілік дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілмек. Үш жыл ішінде грант қаражатына зерттеулер жүргізіп, “Web of Sciene”, “Scopus” әлемдік ғылыми журналдарында және де отандық басылымдарда мақалалар жариялау, шетелдерде ғылыми тағылымдардан өту қарастырылған. Жоба негізінде монографиялар мен оқулықтар әзірленбек.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің медиаорталығының

бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp