«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызыл жалын аяр емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен тәулікте облыс аумағын­­да үш өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалынның салдарынан екі адам қаза тапса, тағы екеуін күйік шалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі де­партаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

– Жыл басынан бері облыста 138 өрт тіркелсе, соның 76 пайызы жеке тұрғын үй секторында болды. От ортасында қалған 22 адам қаза тапса, 29-ы әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Ал материалдық шығын көлемі 71 млн. теңгені құрады, – деді мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмит­рий Растихин.

Қайғылы оқиғалардың бірі 1 нау­рыз күні Аққайың ауданындағы Новороссийское елді мекенін­де орын алды. Өкінішке қарай, оқиға орнынан 6 жасар баланың мәйіті табылды. Белгілі болған­дай, әке-шешесі жұмысқа кетіп, бүлдіршін үйде жалғыз қалған.

Тағы бір оқыс оқиға Петропавл қаласыныңдағы Щорс көшесіндегі 84-ші үйде тіркелді. Отқа оранған жер үйдің ішінен 1939 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ал 1998 жылы туған жі­гіттің қолдарын күйік шалды. Зардап шеккен азамат қалалық ау­руханаға жеткізілді.

Бұл күні Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласында да жер үй өртенді. Цветочная көшесі, 26 мекенжайындағы жер үйде газ баллон жарылып, төбесі ортасына түскен. Өрт шығып, 1974 жылы туған әйелдің денесінің 28 пайызын күйік шалды.

Брифингте жақында Петропавл қаласы Интернационал көшесі, 21 үй мекенжайында газ баллон жарылған кезде жарақат алған 1999 жылғы қыздың ауруханада көз жұмғаны туралы айтылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp