«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.03.2021

САҒЫНДЫРҒАН СӘБИ ҮНІ

Үстіміздегі жылы медициналық сақтандыру қоры 6,2 миллиард теңгеге 7 мың экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) циклын қар­жыландыруды жоспарлауда. Өт­кен жылмен салыстырғанда жа­санды ұрықтандыру бойынша кво­та саны 7 есе өсті.

Алаш көсемі

“Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі”.

Merekelık qūttyqtau

Құрметті әйелдер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

“Толық адам” тағылымы

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Ұзақ уақыт үзілістен кейін актерлер көрермендерімен қайта қауышып, “Толық адам” спектаклін сахналады.

ПАЙ, ПАЙ, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ!

Қазақ қоғамында келіннің орны ерекше. Заман өзгерсе де, бұрыннан келе жатқан салтымыз сол қалпында. Сүйікті жарының ризашылығына бөленіп, ата-енесінің ақ батасын алып жүргендердің арасында қазақ жігітінің етегінен ұстаған өзге ұлт өкілдері де баршылық. Осындай үлгілі келіндердің бірі – Петропавл қаласының тұрғыны Елена Мақажанова.

Отбасылық кәсіптің ырыздығы мол

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді әлдилейді. Қазіргі таңда олар ерлермен қатар түрлі кәсіптерді де меңгеріп жүр. Сондай асыл жандардың бірі – “Сәнді-Райымбек” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Күлжан Сақтанова.

ОН ТӨРТ ҚҰРСАҚ КӨТЕРГЕН кейуана ұрпағының құрметіне бөленуде

Безілдеп қоя берген телефон тұтқасын көтеріп едім, арғы жағынан: “Тағы да Зада әжең ғой”, – деді таныс дауыс. Сөйлескенім жаңа ғана еді ғой, деген екіұдай оймен тіл қатқанымша сөзін жалғастырып кетті. “Алжыған кемпірден не сұрайсың? Келіндерімді алтау деппін. Сөйтсем, жетеу екен. Түзетерсің, құлыным”, – деді анаға тән қамқор үнмен.

ӨҢІР ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТЕДІ

Байтақ еліміздің солтүстік қақпасы саналатын Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына биыл 85 жыл толады. Мерейлі датаға орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Уақыт. Оқиғалар. Адамдар” атты көрме ашылды.

АУЫЛДАҒЫ “АШЫҚ ӘКІМДІК”

Қызылжар ауданы Соколовка елді мекенінде “Ашық әкімдік” фронт-кеңсесі өз жұмысын бастағалы 200-ге жуық адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл – ауылдық жерде ашылған екінші кеңсе. Нысанның жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов танысты.

ҚАРА ҚАМЗОЛ

Апам туралы ойласам, көз ал­дыма алды­мен мол пішілген, тізесіне тү­сіп тұратын, екі жерден қызыл та­сы бар күміс қапсырма ілген қа­ра бүліш қамзолы келеді . Қысы-жазы үстінен таста­майтын. Басында ақ орамал, ая­ғында қонышты қара етік. Көзі мо­йылдай қара, жанары шоқтай жа­нып тұратын. Ән айтқанды жақсы көретін. Жүн түтіп, жіп иіріп отыр­ған­да айтатын әндері бар еді, ақы­рын …

ҚАРА ҚАМЗОЛ Read More »

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

“Ең биік өмір дейтін асып қырдан, Арман, мақсат, ойлары асықтырған. Білім – бастау, ұрпағын сусындатып, Ұстаз ғой, ел мерейін тасыттырған”, – деп ақын Марфуға Айтқожина жырлағандай, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап, осы жолда адал еңбегімен құрметке бөленген жандарға қанша мадақ сөздер айтсақ та артық емес. Өйткені, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, нағыз ұстаз атану екінің …

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ Read More »

Алтынның жүрек қалауы

Қайырымдылық – адам бойында­ғы асыл қасиеттердің бірі. Мынау жарық әлемді жүректері мейірімге толы жандардың қайырымды істері әрлендіріп тұр емес пе?! Бұл ретте мұқтаж адамдарға риясыз көмек, қалтқысыз қолдау көрсетумен айналысатын еріктілердің еңбегі ерен. Қиын жағдайда қалған жандарға көмек қолын созуға асық бойжеткендердің бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 4-курс студенті Алтын Шаяхметова.