«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Байтақ еліміздің солтүстік қақпасы саналатын Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына биыл 85 жыл толады. Мерейлі датаға орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Уақыт. Оқиғалар. Адамдар” атты көрме ашылды.

Облысымыз “жасыл аймаққа” еніп, карантиндік шаралар жеңілдетілгені белгілі. Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мұражайлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл мүмкіндікті қаламыздың зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен Петропавл тұрғындары пайдаланып, мұражайға барды.

Көрмеге келушілердің назарына 50-ге жуық жәдігер мен 170-тен астам фотосурет ұсынылған. Олардың әрқайсысы өңіріміздің өткен тарихынан сыр шертеді. Музей қызметкері Жансұлу Бекенованың айтуынша, көрме төрт бөлімнен тұрады. Онда облыстың құрылуынан бастап ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы уақыт қамтылған.

– Бүгінгі көрмеден Ұлы Отан соғысы мен тың игеру жылдары туралы мол мағлұмат алуға болады. Жәдігерлердің басым бөлігін облыс тұрғындары өздері әкеліп тапсырған. Әсіресе, Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз, ғарышкер-ұшқыш Александр Викторенко ғарыш кеңістігінде жүрген кезде жеген тюбиктағамдарды атап айтуға болады. Бұл бірегей заттарды атақты жерлесіміз сексенінші жылдары мәдени ошаққа аманат етті. Аталмыш тағам 50 жылға дейін бүлінбейді, – дейді Жансұлу Бекенова.

Көрме жұмысы тамыз айына дейін жалғасады. Өңірімізде карантин талаптары біршама жеңілдетілгенімен, әлеуметтік желілердегі онлайн көрмелер де жұмысын тоқтатпайды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp