«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Merekelık qūttyqtau

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті әйелдер!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің осы бір шуақты мерекесі бізді қоршаған әйелдер қауымына – жан-жарларымызға, қыздарымызға, ең бастысы, аналарымызға ілтипат білдіріп, қамқорлық көрсетуге тағы да бір мүмкіндік береді.

Бүгінде әйелдер табысты қызмет етіп жатқан сала көп. Ең жауапты учаскелерде жұмыс істеу арқылы, Сіздер, әрдайым жоғары кәсібилік көрсетіп, қойылған мақсатқа қол жеткізу кезінде табандылық танытып, стандартты емес және тиімді шешімдер таба білудесіздер.

Жер бетіндегі ғажайыптардың бірі – ол әйелдің өмір сыйлау қабілеті, ана атануы. Елімізде, соның ішінде облысымызда ынтымағы жарасқан, керегесі кең отбасылардың қатары барынша көбеюі үшін мүмкіндігінше жағдай жасалуда.

Балалы отбасыларды, ана мен баланы қорғау бойынша мемлекеттік деңгейде маңызды шаралар қабылданды. Өмір сүру деңгейі мен тұрмыс сапасын арттыруға, дені сау және жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған мәдени және білім беру жобалары іске асырылуда.

Алдағы жылдары өңірде жаңа балабақшалар мен мектептер, медициналық, спорттық және мәдени орталықтар салынады, саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру жалғасады. Біз алға қойған барлық мақсаттарымызға бірге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!

Құрметті әйелдер! Еңбексүйгіштіктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз, сезімталдықтарыңыз бен даналықтарыңыз, жанқиярлық еңбектеріңіз бен болашаққа қамқорлықтарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Риясыз сезімдеріңіз, сарқылмас мейірімдеріңіз, ақ пейілдеріңіз, әр күнді жарқын және бақытты ете білгендеріңіз үшін рақмет!

Сіздерге шын жүректен көктемдей құлпырған көңіл күй, сыңғырлаған күлкі, барлық тілектеріңіздің орындалуын тілеймін! Отбасыларыңыз бен жақындарыңыз аман болып, мейірім мен шуаққа кенеле беріңіздер!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp