«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.03.2021

Мектептерде қазақ күресі мен тоғызқұмалақ сабақ ретінде өткізіледі

Орта мектептерде «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» бойынша міндетті сабақ өткізу әдістемесі әзірлеп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Асқар Маминнің жауабында айтылған.

1 мамырдан бастап спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі

2021 жылдың 1 мамырынан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаттарының сауалына орай Үкімет басшысы Асқар Маминнің жауабында айтылған.

Қазақстан интернеттің жылдамдығы бойынша рейтингте алға жылжыды

2021 жылдың қаңтар айындағы мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингінде БАӘ бірінші орынды иеленді: онда интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті құрайды. ТОП 5-ке Оңтүстік Корея, Қатар, Қытай және Сауд Арабиясы енді, деп хабарлады ranking.kz.

ШУАҒЫН ШАШҚАН ӘЛЕМГЕ

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтіп, түрлі салада абыройлы еңбек етіп, шаңырақтың ұйытқысы болып отырған қыз-келіншектер марапатталды. Мерекелік кешке қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов аяулы жандарға ақ тілегін арнап, әйелдер – тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нәрі мен сәні екенін айтты.

Тыңдарманға тарту

Сегіз сері атындағы қазақ ха­лық аспаптары оркестрі өнерсүйер қауымға осы жылдағы алғашқы концертін ұсынды. Тыңдар­мандарының көңілін көтеруге асыққан өнерпаздар сахна шымылдығын “Тойбастар” композициясымен бастап, кеш бойы ұлттық нақыштағы туындыларды әуелетті.