Алдағы 10 жылда NASA Ай бетіне алғаш рет әйелді қондыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы CBS News телеарнасы хабарлайды.
Жоспарланып отырған «Артемида» бағдарламасына 9 әйел мен 9 адам мүше болады. Бағдарламаны іске асыру кезінде қаражат айтарлықтай көп жұмсалып, соның салдарынан біраз қиындық тудырған.
NASA ғарыштық ұшулар жетекшісі Чарли Блэквелл-Томпсонның айтуынша, Айды зерттеуге қайта оралу түрлі құнды ғылыми жаңалық ашуға мүмкіндік береді.
«Көп нәрсені үйренуіміз керек. Біз әлі де Apollo бағдарламасы кезінде қайтарылған үлгілерді негізге ала отырып, зерттеу жүргізіп жатырмыз», деп атап өтті ол.
https://egemen.kz