Ақпан айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті.
«2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпан айында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ға жоғарылады. 2021 жылдың ақпанында жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары өткен жылдың осы айына қарағанда 8%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді сатып алу бағалары 20,3%-ға көтерілсе, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,7%-ға артқан», делінген хабарламада.
Бюро мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2021 жылдың ақпанында 4,2%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы 2020 жылы 13,2%-ға өссе, биылғы жылдың ақпанында 8,2%-ға көтерілген. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өскен.
https://egemen.kz