«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстан интернеттің жылдамдығы бойынша рейтингте алға жылжыды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылдың қаңтар айындағы мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингінде БАӘ бірінші орынды иеленді: онда интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті құрайды. ТОП 5-ке Оңтүстік Корея, Қатар, Қытай және Сауд Арабиясы енді, деп хабарлады ranking.kz.

Қазақстан өз кезегінде позициясын 3 сатыға жақсарта отырып, әлем бойынша 103-орынға ие болды. Сондай-ақ еліміз рейтингтегі өсу деңгейі бойынша ТОП-25 елдің қатарына енді. Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы бір жыл ішінде 6,6% өсіп, секундына 20,15 мегабитке дейін жетті.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстан интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып табылады. Айта кетсек, интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны елімізде 16 миллионға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8% көп.

 

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp