«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САРБАЗДАР САУ БОЛСЫН!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғам тыныштығының күзетінде тұрған әскери қызметшілердің әрдайым көйлегі көк, тамағы тоқ болуы керектігі айтпаса да түсінікті. Осы орайда Ұлттық ұланда «Тамақтандыруды ұйымдастыруды қарқынды бақылау – жеке құрамның денсаулығының кепілі» айлығы басталды.

Кешенді айлық тиісті азық-түлік нормаларының, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, коронавирус инфекциясы және вирустық пневмониямен сырқаттанушылықтың жаппай өсуіне жол бермеу секілді алдын алу мақсатын көздеп отыр. Аталған айлық аясында облыс орталығындағы Ұлттық ұлан Әскери институтында «Тамақтандыруды ұйымдастырушының келісімшарт талаптарын орындау тәртібі мен Әскери институт қызметшілерін тамақтандыру сапасын арттыруға бағытталған шаралар» тақырыбында басқосу өтті. Жиында білім ордасының басшысы, генерал-майор Бауржан Әбжанов айлықтың тиімді және мақсатты өткізілуі керектігін жеткізді. Бұл міндет Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы тыл басқармасының азық-түлікпен қамтамасыз ету бөлімінің жіті қадағалауында болмақ.
Олжас ӘДІЛБЕК,
Ұлттық ұлан әскери институтының
баспасөз хатшысы.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp