«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. Бұл тұрғындардың аз қамтылған топтарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр.

Яғни, жыл басынан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайларына орай төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ағымдағы төлемдер мөлшерінен бес пайызға арттыру көзделген. Бұдан басқа, айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептеумен бірге мемлекеттік жәрдемақы мөлшері деңгейіне дейін артты.
Осылайша, облысымызда еңбек ету қабілетінен айырылған 2239, асыраушысынан айырылған 1352, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған 2654 адам әлеуметтік төлемдерді жаңа талап бойынша алып отыр.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін халықты қосымша қорғауды қамтамасыз ететінін атап өту қажет.
Анар ЖҮНІСОВА,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»
акционерлік қоғамы
облыстық филиалының директоры.

 

 

 

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp