Тек Петропавл қаласы бойынша ғана осы күндері полицияға 1478 телефон дабылы түскен.
Оның 340-на жедел ден қою қажет болды. Оның ішінде ұрлық туралы 16 хабарлама, отбасылық жанжал туралы 19 хабарлама бар.
Ал патрульдік полиция жұмысының нәтижесінде бейнекамералардың көмегімен 141 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның 101-і жол жүру ережелерін бұзушылық, ал 40 фактісі қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу. Екі ұрлық пен бір бұзақылықты ашуға септігін тигізген үш факті анықталды.
https://egemen.kz