Облыс аумағында бір тәулік ішінде алты интернет-алаяқтық тіркелді. Екі жағдайда бірдей сценарийімен жұмыс істеген. Интернет арқылы заттарын (спорттық велосипед пен ұялы телефон) сатып жатқан Петропавлдың тұрғындарына «WhatsApp» арқылы байланысқа шығып, тауарды курьер арқылы жіберуін сұраған. «Тауарды жеткізумен мен өзім келісемін, өзім ақшасын төлеймін, сізге бар болғаны курьерді қарсы алу қажет, мен сайт арқылы жеткізуді ресімдеймін, сіз сілтеме арқылы растайсыз және бірден ақшасын алыңыз», – деген.
– Шын мәнінде бұл алаяқтар құрған жалған сайттың қармағына түсіретін сілтеме, – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Виталий Подчернин. – Онда адамға банк карталарының деректемелерін енгізу ұсынылады. Бұл әрекет қаскөйлерге құрбандарының банк шоттарына қол жеткізу үшін жеткілікті болып табылады. Кей жағдайда алаяқтар диалогты жалғастырып, сайтта техникалық ақаулар туындады деп сендіреді, соның салдарынан «сатып алушыға» сатушы ақша аударуына мүмкін болмай отыр дейді. Көбінесе, сөйлесулер жәбірленушінің телефонына sms-хабарламамен келген кодты қылмыскерге айтумен аяқталып жатады. Бұл код бір реттік құпия сөз болып табылады, ол қаскөйлерге бөтеннің картасындағы қаражатты басқаруға мүмкіндік береді.
Полицейлер барлық адамдарға алаяқтарға сенбеуге, оларды нақты ұйымдардың сайттарындағы сілтемелермен мұқият салыстыруға кеңес береді. Егер сіз жеткізу қызметтерін пайдаланар болсаңыз, ресми сайтқа кіріңіз, қызмет көрсету шарттарын мұқият оқып шығыңыз. Егер «сатып алушы» талап ететін шарттардан айырмашылық болған жағдайда, күмәнді мәміледен бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, полицейлер нақты тауар ұсынылатындығына толық сенімді болмасаңыз, интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлем жасауға келіспеуге кеңес береді. Біреудің шоттан ақша «ұрлауға» әрекет жасауы туралы «банктің қауіпсіздік қызметінен» шалынған қоңырауға да сенуге болмайды. Бұл алаяқтықтың тағы бір кең таралған түрі.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.