«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУРУ АЗАЙҒАНЫМЕН, ҚАУІП БАСЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде 9 наурыздағы жағдай бойынша 16 адамның короновирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Дертке шалдыққандардың ішінде жеті адамда ауру белгісі болған. Жаңа жағдай Петропавл қаласы мен Жамбыл, Айыртау, Қызылжар аудандарында тіркелді. ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 7 азаматтан алынды.

Облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Қауіпті індет таралған уақыттан бері өңірімізде 300 мыңға жуық зерттеу жүргізілді, соның 4,5 пайызы оң нәтижеге ие болды. Өткен тәуліктерде ПТР әдісімен 200-ден астам адамнан сынама алынды. Жалпы, облыста 12622 адам қауіпті індетке шалдықты. Ауру анықталған науқастардың 3,2 пайызы індетті сырттан жұқтырған.
Облыста ауру жұқтыру көрсеткіші төмендегенімен, мамандар сақтық шараларын ұстанып, санитарлық талаптарды орындау қажеттігін ескертеді.
Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы.

Сурет: https://24.kz/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp