«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ДАЛАНЫҢ ДАНА АРУЛАРЫ»

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың №2 филиалының кітап қоры жаңа туындымен толықты. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында оқырмандар белгілі журналист Аршагүл Тойбайдың «Даланың дана арулары» кітабымен танысуға мүмкіндік алды.

Қилы заманда ерлікті істерімен, өжет мінезімен, парасат-пайымымен танылып, айналасына қадірлі, отбасының сенімді тірегі бол білген қазақтың батыр қыздары мен аналары аз емес. Кітапта осындай нәзік жандардың өмірі мен өнегесі жайында айтылады.
Басылым «Ел бастаған ханымдар», «Аңызға айналған ақ жаулықтылар», «Халқын қорғаған қаһарман бикештер», «Абыз аналар», «Ағартушы арулар», «Қуғын-сүргін құрбаны болған асыл жандар», «Талантымен танылған тұлғалар» деген тарауларға бөлінген. Оларда ерлермен қатар ел басқарып, жауға қарсы шапқан Ұмай ана, Құтлық бике, Томирис, Ұлпан және өзге де аты аңызға айналған қыз-келіншектеріміз жайында кеңінен баяндалады.
Қуғын-сүргін заманда халқының қамын ойлап, жазықсыз жапа шеккен халқымыздың аяулы қыздары жайлы жазылған деректер де оқырманды қызықтырмай қоймайды. Бас бостандығынан айрылған әзиз аналар тағдыры, қан майданда қайсарлық танытып, иманды ісімен танылған батыр аруларымыздың өмір жолдары суреттелген мазмұнды кітаптың оқырман көңілінен шығатыны анық.

Ләззат ЕРҒОЖИНА,
И. Шухов атындағы қалалық
кітапхананың №2 филиалының меңгерушісі.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp