«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық «Esil» клубы волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.

Төртінші тур Ақтау қаласында өтті. Бұл жолы петропавлдық волейболшылар жеті ойынның бесеуін жеңіспен аяқтап, тек екеуінде есе жіберді. Соңғы екі кездесуді Атырау мен Павлодар командаларына қарсы өткізген жерлестеріміз өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Нәтижесінде қос ойын да 3:0 есебімен аяқталды.
Осылайша, ел біріншілігі аясында 28 кездесу өткізген «Esil» клубы 47 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты. Енді қызылжарлық команда сәуірдің 2-9 күндері аралығында Павлодар қаласында өтетін плей-офф кездесулерінде жүлделі үшінші орын үшін күреседі. Тур қорытындысына сәйкес, алтын, күміс және қола жүлделерінің иелері анықталмақ. 

Сурет: https://sxodim.com/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp