«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІП СЕЙІЛГЕН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда короновирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы саны 12641 адамға жетті. Соның 7838-де ауру белгісі анықталды. Дертке шалдыққандардың 16 пайызы қауіпті індеттің алдын алу мақсатында жүргізілген зерттеу қорытындысы нәтмжесінде тіркелді. Ал 7,5 мыңнан астам тұрғында ауру медициналық көмекке жүгіну барысында анықталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова БАҚ өкілдерінің қатысумен өткен брифингте өңірде қауіпті індеттің таралу жағдайы туралы баяндады. Үстіміздегі жылдың 10 наурызындағы көрсеткіштер бойынша, 19 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Аққайың, Ақжар, Қызылжар, Айыртау, Есіл, Мамлют, Мағжан Жұмабаев аудандарында бір-екі науқастан тіркелсе, дені Петропавл қаласында анықталып отыр.
– Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Соңғы аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 26 пайызға азайды. Мұндай нәтижеге өңір тұрғындарының жауапкершілігі мен шектеу шараларының арқасында қол жеткіздік. 21 ақпаннан бері облыс «жасыл аймақта» тұр. Дерттің азайғанына қарамастан сақтық шараларын қатаң ұстауымыз қажет. Көпшілік шараларға тыйым салып, бетперде киюді естен шығармау керек, – дей келе Татьяна Горлова коронавируспен күресте екпе егудің маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол облыста мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелері толық іске қосылғанын, 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшірілгенін жеткізді.
Бүгінде біздің өңірде 2030 адам вакцина алды. Соның жартысынан астамы медицина мамандары болса, қалғанын мұғалім, полиция мен мемлекеттік қызметшілер құрайды. Баспасөз мәслихаты барысында вакцинациядан бас тартпау қажеттігі, екпе алу арқылы өзімізді, сондай-ақ, жақындарымызды қорғай алатынымыз туралы айтылды. Өйткені, аурудың азаюы қауіпті індеттен құтылдық дегенді білдірмейді. Сол себепті мамандар «арқаны кеңге салу әлі ерте» дейді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp