«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.03.2021

Қазақстанда қамауда отырған 400 тұтқынның мерзімінен бұрын босатылғаны рас па?

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде еліміздің түрмелерінен 400 адам мерзімінен бұрын босатылғаны туралы хабарламаларды таратуда. Қазір бұрынғы тұтқындар кілем тазарту компанияларының өкілдеріміз деп үйлерді аралап, тонауда-мыс.

Жаңа басшы таныстырылды

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің жаңа басшысы таныстырылды.

Көктемде вирусты инфекция асқынады – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі мереке күндері қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады. Алексей Цойдың айтуынша, күз бен көктемде жіті респираторлық вирусты инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және басқалары) асқынады. 

МОЛДОВАДА ҚАЗА ТАПҚАН ержүрек жауынгердің сүйегі табылды

Молдованың іздеушілері Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында қаза тапқан солтүсткікқазақстандық жауынгер Иван Романович Чередниктің сүйегін тапты. Молдованың іздеушілері Павлодардағы «Майдан жолы» іздеу-зерттеу отрядына хабарласып, соғыс жылдары қаза тапқан жауынгердің туыстарын табуға көмектесуді сұраған. Бұл жайында әлеуметтік желіде отрядтың командирі Александр Шитов жазды.

ӘСКЕРДЕГІ ТӘРТІП

Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланға қарасты №6637 әскери бөлімінде болып, жеке құраммен кездесті.

ТҮРМЕДЕ ҚИЫЛҒАН НЕКЕ

Петропавлдағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге сүйіктісі ұсыныс жасады. Бойжеткеннің есімі – Юлия. Ол ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылып, еңбекпен түзету мекемесіне былтыр түскен. Жазасын толық өтеп болуына әлі екі жыл бар.

БИШІЛЕРДЕ – БАС ЖҮЛДЕ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Legion» би тобы Қарағанды қаласында өткен биден халықаралық чемпионатқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

ӨРТ ӨРШІП ТҰР

Наурыз айының алғашқы күндері тұрғындардың естерінде қатты боранмен есте қалары хақ. Ауа райы қайта бұзылып, тұрғын­дарға алыс жолға шықпау қажеттігі туралы ақпарат «Дар­мен» қосымшасы және «SMS»-хабарламалар арқылы таратылды. Дегенмен, ескерту­лерді елемегендер де табы­лып жатты. Қар құрсауынан 56 техника шы­ғарылып, 184 адам құтқа­рылды. Осы және өзге де ақпаратты төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері баспасөз мәслихатында айтып …

ӨРТ ӨРШІП ТҰР Read More »

ҰБТ тапсырудағы жаңашылдық

Еліміз бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі басталды. Қызылжар өңірінде өткен сынаққа Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қатысып, маңызды емтиханға дайындық шараларымен танысты.

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев Аққайың және Тайынша аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ведомство басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, аудандық полиция бөлімдері мен ауылдық учаскелік инспекторлардың есептерін тыңдады.

ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

Биылғы көктемгі егіс науқанында 4,2 млн. гектар алқаптың 3 млн. гектарына дәнді және 914,5 мың гектарына майлы дақылдар себіледі. Сондай-ақ, 30 мың гектар аумаққа картоп, ал 6 мың гектарға көкөніс отырғызылады. Бұл жайында журналистерге өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Бекшенов айтып берді.

Пәрменді күрес бәсеңдемейді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы қорғаныс істері жөніндегі департаментте өткен жиында сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин әңгімеледі.

БІРЕГЕЙ ЖОБА

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс орталығында түркиялық “YDA Holding” компаниясы тұрғызып жатқан көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Шаруаларға дизель отыны төмен бағамен сатылады

Тасымалдау және басқа да шығынды есепке алсақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған дизель отынының бағасы литріне 21-22 теңгені құрады. Бұл жанармай құю стансаларындағы бағаға қарағанда 13-14%-ға төмен. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.