Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Legion» би тобы Қарағанды қаласында өткен биден халықаралық чемпионатқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
«Pro Tancy kz» шығармашылық одағы ұйымдастырған жарыста «Legion» би тобының өнерпаздары Бекет Құдайбергенов, Қайныш Қалиақпарова, Валерия Гусельникова, Сәбит Шәріпов, Иван Хлоповский стильдік-қазақ биі аталымы бойынша өз өнерлерін ортаға салып, жеңіс тұғырынан көрінді. Топтың көркемдік жетекшісі Бекет Құдайбергенов жеке орындаушылар арасында да үздік биші атанды. Би өнерін дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін ұйымдастырушылар тарапынан еңбегі бағаланған өнерпаз ұжымның жеңісі тынымсыз еңбектің жемісі екенін атап өткен жөн.
Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.
Мағжан Жұмабаев ауданы.