«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа басшы таныстырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің жаңа басшысы таныстырылды.

Бұл қызметке Жарқын Ғалымов тағайындалды. Ол 1978 жылы туған. ІІМ академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Қарағанды заң институтын бітірген.
2001-2012 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орталық аппаратында жұмыс істеген.
Бұл тағайындауға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
департаментінің баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp