«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев Аққайың және Тайынша аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ведомство басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, аудандық полиция бөлімдері мен ауылдық учаскелік инспекторлардың есептерін тыңдады.

Аудан орталығы Смирново ауылында алты мыңға жуық адам тұрады. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті екі учаскелік инспектор мен бір көмекшісі қадағалайды. Олардың учаскелік пункті ауыл орталығында орналасқан, қызметтік компьютерге қосылған 19 бейнекамера арқылы аудан орталығын бақылап отырады. Марат Төлебаев смирновтық учаскелік инспекторлардың жұмыс жағдайымен танысып, полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында, ауыл тұрғындарынан өтініш қабылдауға арналған бөлмеде болды.
Мәдениет үйінің залында аудан әкімі Рүстем Елубаевтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Облыстық полиция депкртемментінің басшысы ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде сервистік модельге көшу процесіне тоқталды, сондай-ақ негізгі басымдықтар мен алда тұрған міндеттерді атап өтті. Ол облыста 1414 сыртқы бейнебақылау камерасы қойылғанын, оның ішінде бір мыңнан астамы аудандарда жұмыс істейтінін атап көрсетті. 103 камера Аққайың ауданында орнатылған. Өткен жылы олардың көмегімен бес қылмыс пен 290 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Аққайыңдық полицейлердің жұмысы туралы бөлім бастығы, полиция майоры Руслан Сапаров есеп берді. Криминогенді жағдай тұрақты, өткен жылы қарақшылық шабуыл, тонау, бопсалау, бұзақылық фактілері тіркелген жоқ.
Сол күні облыстық полицияның басшылығы Тайынша ауданының Ясная Поляна ауылдық округіне барды. Полиция департаментінің бастығы учаскелік полиция пунктіндегі жұмыспен танысып, аудан әкімі Руслан Аңбаевпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ясная Поляна ауылдық округінің төрт ауылына полиция капитаны Рустам Қабисов қызмет көрсетеді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов қылмыстың ашылу деңгейі 92 пайызды құрайтындығын атап өтті. Марат Төлебаев алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды. Ол сонымен қатар мал ұрлығын болдырмау үшін заманауи технологияларды қолдану қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында Марат Сағынтайұлы белсенді азаматтық ұстанымы үшін ауданның үш тұрғынын Алғыс хатпен марапаттады, ал үш полиция қызметкерлері кезекті арнайы атақтарын алды. Кездесу соңында облыстың бас полицейі азаматтарды жеке қабылдап, онда ауыл тұрғындарының бірқатар мәселелері қаралды.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің басшысы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp