«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шаруаларға дизель отыны төмен бағамен сатылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тасымалдау және басқа да шығынды есепке алсақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған дизель отынының бағасы литріне 21-22 теңгені құрады. Бұл жанармай құю стансаларындағы бағаға қарағанда 13-14%-ға төмен. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.

Жауапты ведомствоның өкілі мұнай өңдеу зауытынан шаруаларға дизель отынын жөнелтуге басымдық берілетінін айтты. Бұл ретте бақылау мен мониторинг тәулік бойы өткізіледі деп жоспарланған.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға сәйкес, Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, өңірлерді мұнай өңдеу зауыттары мен ресурс ұстаушыларға бекіте отыра көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған кестені дайындады. Оның аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне Павлодар мұнай-химия зауыты мен «Петро Қазақстан ойл Продакс» зауытынан қажетті отынның бағасы тоннасына 174 мың теңгеден жіберіледі. Атырау мұнай өңдеу зауытынан тоннасы 172 мың теңгені құрайтын жеңілдетілген дизель бөлінеді. Жоспарға сәйкес, 380 мың тонна көлемінде дизель отыны қарастырылып отыр», деді вице-министр.
Құзырлы органның ақпаратына сүйенсек, бүгінде 12 мың тоннаға жуық жанармай тиелген.
Энергетика министрлігі Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Қуаныш Сәрсекеевтің айтуынша, елімізде 1 наурыздан бастап, көліктерге арналған газ құю стансаларында сұйытылған мұнай газының бөлшек сау­да бағаларын уақытша мемлекеттік реттеу тетігі алынып тасталды. Департамент басшысы сұйытылған газды сатуды уақыт­ша мемлекеттік реттеу былтыр төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жө­ніндегі мемлекеттік комиссияның ше­ші­мі негізінде қабылданғанын жеткізді. 
«Қазір сұраныс пен ұсыныстың не­гі­зінде көліктерге арналған газ құю стансаларында бөлшек сауда бағаларын нарық реттеп отыр. Энергетика министр­лігі жүргізген ТМД елдеріндегі бөлшек сауда бағасының талдауы көрсеткендей, қазіргі бағалар пандемияға дейінгі
I тоқсанға қарағанда республика бойынша орта есеппен 5%-ға төмен. Яғни бүгінгі нарықтық баға бұрын қолданыста болған бағадан да төмен», деді Қ.Сәрсекеев.
Ведомство өкілдері ай сайын ішкі на­рыққа сұйытылған мұнай газын жет­кізу жоспарын қалыптастыру жұмысы жал­ғасып жатқанын айтты. Жанармайдың төрт­тен бір бөлігі электронды сауда алаң­дары арқылы сатылып жатыр. Қалғаны тоқ­сан сайын министрлік бекітетін көтер­ме шекті баға бойынша жіберіліп келеді.
«Осы жылдың I тоқсанын ҚҚС есепке алмағанда баға тоннасына 38 701 тең­ге көлемінде бекітілді. Бұл 2018 жыл­дан бері өзгермеген. Тек былтырғы үшін­ші тоқсанда сұйытылған газдың әлем­дік бағасы төмендегеніне байланысты ҚҚС-сыз тоннасы 28 мың теңгеге дейін тө­мен­деген еді», деді департамент директоры.
Бүгінде отандық мұнай өнімдерінің жиынтық қоры қолайлы деңгейде. Атап айтқанда, бензин 225 мың тоннаны құрап отыр, бұл еліміздің 20 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті. Ал дизель отыны 298 мың тоннаға жетті, сәйкесінше бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 27 тәулікке қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бағаны белгілеудегі негізгі фак­торларға – Қазақстандағы мұнай құны, ішкі бағалар, мұнай өңдеу бойынша қызмет, салықтар мен акциздер, зертха­налық сынақтар мен қоспалар бойынша шығыстар, банктік қарыздарға қызмет көрсету, цистерналарды беру-жинау, тау­арды тасымалдау және басқа да ілеспе шығыс кіреді», деді Ә.Мағауов.
Энергетика министрлігінің дерегі бойынша Қазақстанда бензиннің орташа бағасы – 160 теңге.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp