«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРДЕГІ ТӘРТІП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланға қарасты №6637 әскери бөлімінде болып, жеке құраммен кездесті.

 Бұл жолғы дәріс әскери қызметкерлердің бір-біріне қол жұмсау оқиғаларын болдырмау, алдын алу, кінәлілерді заңды түрде жауапкершілікке тарту тақырыбына арналды. Мысал ретінде былтыр желтоқсан айында орын алған бір факт келтірілді. Алдын ала тергеу барысында келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметкердің мерзімді әскери қызметкерге күш көрсеткені анықталды. Екі тараптың өзара келісіміне сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды. Жиналғандарға әскер қатарында заң талаптарын бұзатындарға аяушылық болмайтыны, жарғыға орай қызмет ету бұлжымас талап екені, әскери-тергеу органдарының басты міндеті – келеңсіз жайттарды болдырмау, кез келген қылмыстың жолын кесу, жасалған қылмыстарды жедел ашу болып табылатыны кеңінен түсіндірілді. Бұл орайда, профилактикалық кешенді іс-шаралардың тәрбиелік маңызы айрықша болмақ.
   Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің құрылымдық бөлінісі болып табылады. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Әскери қызметшілердің, әскери бөлімдердің, құрамалардың заңдылықты сақтауына бақылауды жүзеге асырады. Бұдан бөлек, практикалық және әдістемелік көмектер көрсетеді.
  Біздің құзырымызға Ұлттық ұлан әскери институты, № 6637 (Петропавл қаласы), № 5510 (Көкшетау қаласы) әскери бөлімдер, Щучинскідегі кадет корпусы, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарындағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің жұмысын бақылау кіреді.
Дархан РЫМБЕКОВ,
ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы
Петропавл тобының басшысы, майор.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp