«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жолда бірнеше көлік соқтығысып қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ақтүтек боранның салдарынан автожолда бірнеше көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 наурыз күні болды. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 824-шақырымында жолды қар алып қалып, ГАЗель көлігінің жүргізушісі амалсыздан тоқтаған. Сол бағытта келе жатқан екінші «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі бораннан алдында тоқтап тұрған машинаны көрмей, соққан. Оның соңынан келе жатқан «Toyota Hilux» автокөлігінің жүргізушісі жолдағы жағдайды кеш байқап, апатқа ұшыраған машиналармен соқтығысқан.
Ал КАМАЗ көлігінің жүргізушісі апаттан қашып жол жиегіне түсіп кетті. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше 11 наурыз күні сағат 15.00 шамасында барлық бағыт бойынша автожолдар жабылды.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp