«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРМЕДЕ ҚИЫЛҒАН НЕКЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге сүйіктісі ұсыныс жасады. Бойжеткеннің есімі – Юлия. Ол ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылып, еңбекпен түзету мекемесіне былтыр түскен. Жазасын толық өтеп болуына әлі екі жыл бар.

Нақсүйері Андреймен 2019 жылы танысыпты. Екеуі университетте оқып жүргенде табысқан. Юлия жаза басып, сотталғанда Андрей оны күтуге уәде берген.
Сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт жақында бойжеткенге тосын сый жасады. Телефон соғып, ыстық сезімін білдірді. Тұрмысқа шығуын өтінді. Юлия бірден келісімін берді.
«Мен Андрейді қатты жақсы көремін. Ол мені бостандықта күтіп жүр. Болашағымды тек онымен ғана байланыстырамын. Жақында екеуіміз некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Жазамды өтеп шыққан соң жаңа өмір бастаймыз. Көп балалы ана болғым келеді», – дейді бақыттан басы айналған Юлия.
Былтыр өңірде жазасын өтеушілер арасында 30 неке қиылды.
Мәдина ЕРҒАЛИЕВА,
облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің
баспасөз хатшысы.

Cурет: https://inbusiness.kz/ 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp