«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ӨРШІП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз айының алғашқы күндері тұрғындардың естерінде қатты боранмен есте қалары хақ. Ауа райы қайта бұзылып, тұрғын­дарға алыс жолға шықпау қажеттігі туралы ақпарат «Дар­мен» қосымшасы және «SMS»-хабарламалар арқылы таратылды. Дегенмен, ескерту­лерді елемегендер де табы­лып жатты. Қар құрсауынан 56 техника шы­ғарылып, 184 адам құтқа­рылды. Осы және өзге де ақпаратты төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері баспасөз мәслихатында айтып берді.

 Аталмыш ведомствоға қарасты басқарма бастығы Рүстем Жұмағалиевтың айтуынша, боран көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салды. Мәселен, қар құрсауында қалған техникалардан кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала құтқарылды.
Брифингте өңірімізде тіркелген өрт оқиғалары туралы да айтылды. Бұл жайында тілшілер қауымына төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин баяндап берді. Оның сөзінше, жыл басынан бері өрттің 145 фактісі тіркеліп, 22 адам қайтыс болды. Келтірілген материалдық шығын мөлшері 71 млн. теңгеден асты.
– Облыста бір аптаның ішінде 15 өрт оқиғасы тіркеліп, от 3 адамның өмірін қиды. Айта кету керек, тілсіз жаудың басым бөлігі Петропавлда орын алды, – деді Дмитрий Растихин.
Қайғылы оқиғалардың бірі наурыздың 5-сі күні Аққайың ауданындағы Ленинское елді мекенінде тіркелді. Қызыл жалын 1 шаршы метр аумақты шарпыса да, бір адамның ажалына себеп болды. Көк түтінге тұншыққан азаматтың жасы небары 41-де болатын.
Өрттің басым бөлігі тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы мен электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан болып жатады. Мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтармен кездесіп тұрады. Биыл жылыту мауысымы басталғалы бері департамент өкілдері 148 мың адамды қамтитын 60 мыңнан астам рейд өткізді.

Марина САМОЙЛЕНКО,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері.

     

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp