«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.03.2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады.

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов жобалық топ жетекшілерімен және атқарушы билік өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, еліміздегі жемқорлық деңгейі ең төмен өңірдің күрес тәжірибесімен танысты.

АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ

Облыстық музейлер бірлестігі мен И.Шухов атындағы қалалық кітапхана Амал мерекесін атап өтті.

КӨКПАРДЫҢ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына «Көкпар. Кок-боруу. Улак-тартыш. Улак-кукпари. Бузкаши» атты кітаптың 50 данасын сыйға тартты. Бұл туындыда қазақтың ұлттық ойыны көкпардың шығу тарихы жүйелі баяндалған.

ШАРУАЛАРҒА ШИРАҚТЫҚ ҚАЖЕТ Өңір басшысы жерді тиімсіз пайдаланып, төмен өнім алғандарды сынады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды. Сапар барысында өңір басшысы жергілікті жиһаз цехының жұмысымен танысып, аудан активімен кездесті.

МӘДЕНИ НЫСАНДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

Өткен жылы өңіріміздің мәдениет саласы оң қарқынмен дамып, 2021 жылға бекітілген бюджет 6,6 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірейісов орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖЫР ДҮЛДҮЛІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жыр жампозы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғасыр ғұмырлы ғажап ақын» атты позия кеші өтті.

ТАҢҒАЖАЙЫП ТУЫНДЫЛАР

«Dostyq Mall» сауда ойын-сауық орталығында Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты оқушыларының «Кескіндеме қырлары» атты сурет көрмесі өтуде.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЕКІНШІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырыла өткізілген X қысқы гимназиада өз мәресіне жетті. Оқушылар арасындағы биылғы дода карантиндік шектеулерге байланысты жанүкүйерлерсіз өтті.

КҮЗЕТ МЫҚТЫ БОЛСА, ҚЫЛМЫС АЗ

 Оқушылар сарайында облыс полицейлері өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Арман Оразғұлов қатысқан бұл кездесуге ломбардтардың, ақша айырбастау пункттерінің, шағын несие беру ұйымдарының, қоғамдық тамақтандыру орындарының және жеке күзет құрылымдарының басшылары шақырылды.

Роналду Пеленің рекордын жаңартты

Футболдан Италия чемпионатының кезекті турында Туриннің «Ювентусы» сырт алаңда «Кальяримен» кездесті. Бұл матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

“Мерейге” қамқорлық

Қала мен ауыл мектептері арасындағы оқыту сапасының алшақ­тығын азайту мақсатында өңірімізде “Көмек Times” тәлімгерлік идея жо­басы жүзеге асырылуда. Жобаға Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені де қатысуда. Біз Қызылжар ауданының “Мерей” өнер мектебімен екі жақты келісім негізінде жұмыс атқарудамыз.

ҚОЖАБЕРГЕН ТУРНИРІ – жас балуандардың бағын ашатын жарыс

Жуырда Петропавл қаласындағы олимпиадалық резервтегі облыстық мектеп-интернат-колледжінде қазақ күресінен дауылпаз жырау Қожаберген Толыбайұлы атындағы республика­лық турнир өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен болашағынан үміт күттірер балуандар қатысқан жарыс туралы газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Оқырмандарға осы жарыстың ұйымдастырушысы – күрестен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мейрам Хамзинмен болған сұхбатты ұсынамыз. Білікті маман батыр баба атындағы турнирдің …

ҚОЖАБЕРГЕН ТУРНИРІ – жас балуандардың бағын ашатын жарыс Read More »