«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКПАРДЫҢ ТАРИХЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына «Көкпар. Кок-боруу. Улак-тартыш. Улак-кукпари. Бузкаши» атты кітаптың 50 данасын сыйға тартты. Бұл туындыда қазақтың ұлттық ойыны көкпардың шығу тарихы жүйелі баяндалған.

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарыққа шыққан кітаптың бірінші бөлімінде көкпардың ежелгі ғасырлардан бастап түркі халықтарының ортақ ойыны екенін дәлелдейтін және оның спорттық ойынға қалай айналғанын нақтылайтын деректер келтірілген. Ал, екінші бөлімде алпыс жылдан астам тарихы бар командалық көкпар ойынының қалыптасуы мен дамуы, халықаралық деңгейге көтерілуі баяндалады. Әсіресе, бұл бөлімде көкпардан 2013 жылы ұйымдастырылған І Азия чемпионаты мен 2017 жылы өткен І әлем чемпионаты жайлы мәліметтер мен фотосуреттер, халықаралық жарысқа қатысқан мемлекет командалары туралы тартымды деректер келтірілген.

Гүлнұр БЕКІШ,
Ғабит Мүсірепов атындағы
облыстық балалар мен жасөспірімдер
кітапханасының библиографы.

 

 


  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp