«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық музейлер бірлестігі мен И.Шухов атындағы қалалық кітапхана Амал мерекесін атап өтті.

Бірлік пен ынтымаққа бастайтын көрісу мейрамында жақсы көңіл-күйге бөленген жандар бір-біріне ақжарма тілек айтып, өзіндік мәні бар айшықты мерекені сән-салтанатымен қарсы алды. Қыстан аман шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, амандасқан меймандар Ұлы дала кеңістігінде ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлеріміздің тамаша үлгісін көрсетті. Қонақжай халқымыздың мол дастарханы Амал мерекесінің сәнін кіргізіп, ұлттық нақыштағы жыл басы жақсылықпен бастау алды. Сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделген көрісуде ән мен жырдан шашу шашылып, жасы үлкендерге ізет көрсетіліп, ілтипат білдірілді.

Ғалия БЕРДАҒҰЛОВА,
облыстық музейлер бірлестігі
филиалының меңгерушісі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp