«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Газды пайдалану талаптары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі өмірімізді газсыз елестету қиын. Тағамды тез пісіріп, суыған тамақты лезде жылыта аламыз. Алайда, оның пайдасымен қатар, зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Мұндай олқылықтар, әдетте, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан орын алады. Сондықтан газ баллондарын қолданудың ережесін білген жөн.

Тұрмыстық газдың – түсі де, иісі де жоқ. Сол себепті газ стан­цияларында оның құрамына одо­ра­нит қосады. Яғни, иіс арқылы баллондарда ақау барын білуге болады. Газ баллондарын қолда­ну Қазақстан Республикасының “Газ және газбен жабдықтау тура­лы” 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV Заңында көрсетілген. Атал­мыш заңның 7-бабы 5-тармағының 6-1 тармақшасына сай, жергілікті атқарушы органдар елді мекеннің шекараларында тұр­мыстық және коммуналдық-тұр­мыстық тұтынушылар тарапынан баллондарды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мем­ле­кеттік бақылау жүргізеді. Сон­дай-ақ, тұтынушылар сұйылтыл­ған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ же­лі­сі ұйымымен немесе газ толтыру пунктінің иесімен техникалық қыз­мет көрсету бойынша келісімшарт жасасады. Олар баллондардың техникалық жай-күйін қамтама­сыз етуге міндетті.
Жоғарыда аталған ұйымдар тұтынушыларды абоненттік есеп­ке алуды жүзеге асыруға, тол­ты­ры­латын тұрмыстық баллондар­дың техникалық ақауын тексе­ру­ге, тауарлық белгісімен таңбалау­ды жүзеге асыруға міндетті. Са­ты­латын әрбір баллонға кепілдік са­па талоны берілуі тиіс. Газ бал­ло­ны қондырғыларына апаттық жә­не жоспарлы қызмет көрсетуді қам­тамасыз етеді.
Ережеге сәйкес сұйылтылған мұнай газы құйылған баллондар­ды екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде сақтауға және пай­далануға болмайды. Газ баллон­дарында ешбір ақау болмауы тиіс. Әр баллонның ілеспе құжат­тары дұрыс болуы керек. Сыйым­ды­лығы 27 және 50 литрлік бал­лондардың сырты қызыл түсті бо­лып, бүйірінде “ПРОПАН” деп жа­зылады. Бұрыштық вентильде бұ­рандасын қорғайтын бітеуіштің қойылуы аса маңызды. Қорғаныш қал­пағы орнатылады. Ол механи­калық зақымданудан қорғайды.
Баллонның паспортында газ­дың салмағы, жұмыс қысымы мен кезекті техникалық куәландыру мер­зімі көрсетілуі қажет. Қақпа­ғын­да резеңке тығыздағыш сақи­на тұруы шарт. Пішіні бұзылған, терең сызаттары, жарықтары, кор­розиясы бар және төлқұжаты жоқ баллондарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
Автомобильдік газ құю стан­ция­ларында тұрмыстық баллон­дарды толтыруға тыйым салын­ған. Өлшеусіз толтырылған бал­лоннан газ шығу қаупі жоғары бо­ла­ды. Ал бұл өз кезегінде өртке ұласуы мүмкін екенін ескертеміз. Баллонды орнатқаннан кейін оның бүтіндігін сабын эмульсия­сының көмегімен тексеріңіз. Егер бүтіндігіне күмән келтірсеңіз, пай­даланбаңыз. Себебі, өміріңіз бен денсаулығыңызға деген салғырт­тықтың салдары қайғылы аяқта­луы мүмкін.

Арман БӘСЕНОВ,
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp