«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖЫР ДҮЛДҮЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жыр жампозы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғасыр ғұмырлы ғажап ақын» атты позия кеші өтті.

Шараға бірінші курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысса, өзгелері қашықтан тамашалады. Алдымен ғасыр жасаған ақынның балалық шағы туралы фильм көрсетілді.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы кең өріс алды. Еліміздегі әртүрлі саяси оқиғалардан кейін қарт ақынның жүрек қуанышы шығармашылығына жаңа өрлеу туғызды. Ақын елін, жерін бақыт ұясына балап, оны жайқалған мәуелі бақ немесе салтанатты көш бейнесінде жырлады. Ал оның соғыс тұсындағы өлеңдері дұшпанға қарсы күресте қаһарлы құрал болды. Ақын халық поэзиясының эпостық кең тынысты дәстүрін дамыта отырып, патриоттық идеяға толы патетикалық толғаулар туғызды.
Жамбыл жырларында Отан, халық деген ұғымдар жаңаша мазмұн алған. Кеш барысында патриоттық тақырыптағы өлеңдерін жастар мәнерлеп оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кең мағлұмат алды. Жас ақын Диас Аяғанның «Жүз жасаған бәйтерек» атты арнау өлеңін жиналғандар жылы қабылдады.

 

Жазира КӨКБАС,
«Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталығының
ғылыми қызметкері.

Сурет: https://pkzsk.info/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp