«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекеттік қызметшілер жұмыста ұлттық киім киіп жүреді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер Наурыз мерекесіне орай бір апта бойы жұмысқа ұлттық киімдер киеді.

Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Руфия Мұстафинаның айтуынша, идеяның авторы – қала әкімі Болат Жұмабеков. Наурыз мейрамына орай мемлекеттік қызметшілер классикалық киім үлгісін ұлттық нақыштағы киім-кешекке ауыстырды. Челленджді бастаған қалалық әкімдік қызметкерлері осылайша қазақтың ою-өрнегі бар қамзол-қапетті бір апта бойы кимек. «Біз өзіміз ғана киіп қоймай, әріптестерімізді де ұлттық киім киюге шақырып, челлендж бастадық. Мәселен, әкім орынбасарлары аудан әкімдерінің орынбасарларына, бөлім басшылары өз әріптестеріне, мен облыс әкімінің баспасөз хатшысына жолдадым», – дейді Руфия Мұстафина. Пандемияға байланысты Петропавлда биыл да Наурыз мейрамында халық көп шоғырланатын ойын-сауықтық бағдарламаларға тыйым салынбақ. Маманның айтуынша, мерекелік іс-шаралар негізінен онлайн ұйымдастырылатын болады.
https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp