Қала мен ауыл мектептері арасындағы оқыту сапасының алшақтығын азайту мақсатында өңірімізде “Көмек Times” тәлімгерлік идея жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені де қатысуда. Біз Қызылжар ауданының “Мерей” өнер мектебімен екі жақты келісім негізінде жұмыс атқарудамыз.
Үстіміздегі жылдың 11-ші наурызында кешеннің жетекші педагогтары “Мерей” мектебінде шеберлік сағатын өткізді. Асхат Тауышев вокал бөлімінің ұстаздары мен оқушыларына табысты әрі шебер вокалист болудың қыр-сырын айтты. Фортепиано мамандығы бөлімінің меңгерушісі Юлия Команок оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетсе, қазақ халық аспаптары бөлімінің домбырашысы Асхат Ғалеев төл өнерімізді төрге оздыру мақсатында нендей жұмыс жасалуы керектігін түсіндірді.
Алтын ХАМЗИНА,
Ермек Серкебаев атындағы
өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты кешені директорының орынбасары.