«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢҒАЖАЙЫП ТУЫНДЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Dostyq Mall» сауда ойын-сауық орталығында Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты оқушыларының «Кескіндеме қырлары» атты сурет көрмесі өтуде.

Оған бейнелеу өнері бөлімінде оқитын әр жастағы білім алушылардың станоктық композиция, сурет, кескіндеме сабақтарында орындалған үздік жұмыстары қойылды. Көрмені тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары жас суретшілердің сиқырлы қылқаламынан туған таңғажайып суреттерді тамашалап, шығармашылық әлемнің қыр-сырымен танысты. Ұстаздар көпшіліктің таңданысын тудырған туындылар жақсы әсер сыйлағанына дән риза.
Әлия ӘСКЕРОВА,
Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты кешені
директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp