«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Мерейге” қамқорлық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қала мен ауыл мектептері арасындағы оқыту сапасының алшақ­тығын азайту мақсатында өңірімізде “Көмек Times” тәлімгерлік идея жо­басы жүзеге асырылуда. Жобаға Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені де қатысуда. Біз Қызылжар ауданының “Мерей” өнер мектебімен екі жақты келісім негізінде жұмыс атқарудамыз.

Үстіміздегі жылдың 11-ші наурызында кешеннің жетекші педагогтары “Мерей” мектебінде шеберлік сағатын өткізді. Асхат Тауышев вокал бөлімінің ұстаздары мен оқушыларына табысты әрі шебер вокалист болудың қыр-сырын айтты. Форте­пиано мамандығы бөлімінің меңге­рушісі Юлия Команок оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетсе, қазақ ха­лық аспаптары бөлімінің домбыра­шысы Асхат Ғалеев төл өнерімізді төрге оздыру мақсатында нендей жұ­мыс жасалуы керектігін түсіндірді.

Алтын ХАМЗИНА,
Ермек Серкебаев атындағы
өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты кешені директорының орынбасары.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp