«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.03.2021

Қарулы Күштерде «Алтын жебе – 2021» кешенді тексеруі басталды

Еліміздің Қарулы Күштерінде «Алтын жебе – 2021» кешенді тексеруі жүргізілуде, оған үш мыңнан астам әскери қызметші мен үш жүз бірлік жауынгерлік және авиациялық техника тартылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар ковидке қарсы препараттардың бағасын Dari.kz қосымшасынан қадағалай алады

Қазіргі кезде ковидке қарсы препараттардың бағасын қадағалау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесін бере бастады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша антиковидті препараттардың бағасы нарықтық бағалармен салыстырғанда 27 пайызға төмендеген. Бұл шаралар республика жұртшылығының антиковидті препараттарына шығынын азайту мен алыпсатарлық әрекеттердің алдын алуға бағытталып отыр.

Jusan Bank пен АТФБанк қосылады

Jusan Bank пен АТФБанктің акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Jusan Bank-тің ресми сайтында жарияланды.

ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ АРТТЫ

Үстіміздегі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. Бұл тұрғындардың аз қамтылған топтарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр.

СІЛЕТІ СУЫ ҚАУІПТІ

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Сілеті ауылында көшпелі жиын өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов қатысты.

АЛИНАНЫҢ АЛТЫНЫ

Бұл күндері ауыр атлетикадан онлайн-режімде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста жерлесіміз Алина Колиушко алтыннан алқа тағынды.

“ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ КӨРЕРМЕН – ЖҮРЕГІМДЕ”

2000 жылы ашылған С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының алғашқы қарлығаштарының біразы бүгіндері еліміздің өзге өңірлерінде табысты қызмет атқаруда. Солардың бірі – актер Нартай Сауданбекұлы. Дәстүрлі сауалымызды талант иесіне жолдаған едік. Ол былайша жауап берді:

ӨҢІРДЕГІ ЭПИЗОТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

“Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов “Soltüstık Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және “VATSAPP” желісіне келіп түскен оқырмандардың сауалдарына жауап берген болатын. Бүгін осы сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ БАСТАУЫ

Қазақстан тарихы өте бай. Қазақ халқының арғы шежіресі ғұндардан басталып, көк түркілерге жалғасатынын, одан кейін Алтын орда, Қазақ хандығы дәуіріне ұласатынын, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанға келіп тірелетінін жастар жағы жете білуі тиіс. Олардың бойында Ұлы дала ұрпақтарына тән мақтаныш сезімін ояту үшін батыр бабаларымыздың есімдерін біліп қана қою аздық етеді. Бұл орайда баға жетпес мұраларымызбен, ата …

ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ БАСТАУЫ Read More »

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Ұмытпасам, Қазақстан егемендігінің екінші онжылдығының аяқталар тұсы. Көптен бері ойын-сауық орталығын ашуды ойластырып жүрген едім. Кәсібім дөңгеленіп, қаражат жиналып, соның реті келген сияқты. Үйге тезірек жетіп, осы қуанышымды әкеммен бөліскенше асықтым.