«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СІЛЕТІ СУЫ ҚАУІПТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Сілеті ауылында көшпелі жиын өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов қатысты.

Алқалы кеңесте су тасқынын болдырмау мақсатында Сілеті су қоймасындағы су деңгейін тәулік бойы қадағалау қажеттігі айтылды. Егер жіті бақылау болмаса, салдарынан Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерге жайылуы мүмкін.
Рамиль Камалов су тасқынының алдын алу кезінде жергілікті билік органдары мен құтқарушылардың өзара іс-қимылын үйлестіру маңызды екенін атап айтты. Жиын соңында Сілеті бөгетінен секундына 30 текше метр су жіберіп отыру қажеттігі туралы шешім қабылданды.


Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp