Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республика көлімінде қауіпті індетпен ауырғандардың ішінде оқушылардың үлесі 0,2% аспайтынын айтты.
«Офлайн оқытуды біртіндеп іске қосуды ескере отырып, біз күн сайын мектеп оқушылары арасындағы сырқаттанушылыққа мониторинг жүргіземіз. Мектеп оқушылары арасында ауырған жағдайды тіркеу жалғасуда. Республика бойынша коронавируспен ауырғандардың ішінде оқушылардың үлес салмағы 0,2%-дан аспайды. Қазіргі уақытта мектептердегі карантиндік шаралар аймақтардағы сырқаттанушылықты ескере отырып және жеке мектептегі жағдайды ескере отырып қабылданады», дейді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
А.Цойдың мәліметінше, білім беру мекемелерін офлайн оқуға дайындау мақсатында карантин режимінің талаптарына сәйкестігіне қатысты 3266 тексеру жүргізіліп, 282 мектепте (8,6%) заң бұзушылықтар анықталды. Қазіргі уақытта барлық анықталған бұзушылықтар жойылды.
«Сонымен қатар офлайн режімде оқитын студенттердің көбеюіне байланысты, аймақтардың әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және КВИ-дің алдын алу бойынша негізгі іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет», дейді ол.
https://egemen.kz