«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғалым әйелдер үшін арнайы квоталар енгізіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы гранттық қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді, оның ішінде шағын және халықаралық коллаборация бойынша гранттар бар.

2020 жылы ғылыми жобалар бойынша 5 конкурс өткізілді. Ғылымды әкімшілендіру жүйесі жетілдіріліп, жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар арттырылды.
Жас ғалымдарды қолдауға да ерекше көңіл бөлініп отыр.
«Біз ғалымдардың тағылымдамадан өтуі үшін 500 грант бөлу туралы тапсырма шеңберінде жұмысты ұйымдастырамыз. Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында жас ғалымдарға кемінде 1000 ғылыми грант бөлуді тапсырды. Қаржыландыру бар, жұмыс жүргізілетін болады. Жас зерттеушілерге қолдау көрсету үшін біз ғылыми гранттарға конкурстар жариялау кезінде арнайы квота енгіздік. Қазір біз жас ғалым әйелдердің санына қатысты да дәл осындай квотаны енгіземіз деп шешім қабылдадық. Бұл туралы біздің ғалым әріптестерімізбен кездесулерде бірнеше мәрте айтылған болатын», деді министр Асхат Аймағамбетов.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp