Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынан бөлек, өзге де жұқпалы аурулар бойынша еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жайлы баяндады.
А.Цойдың айтуынша, коронавирус инфекциясын қоспағанда, жалпы Қазақстанда жұқпалы ауруларға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Министрлік 64 инфекциялық ауру бойынша мониторинг жүргізуде, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес 42 инфекция бойынша науқас саны азайды.
«Биыл оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, куонго-қырым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы, безгек аурулары тіркелген жоқ», деді А.Цой.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 инфекциялық ауру, оның ішінде көкжөтел (22 есе), ботулизм (6,5 есе), менингококк инфекциясы (6 есе), вирустық гепатит (4,7 есе), бактериялық дизентерия (2 есе), бруцеллез (49%), туберкулез (25%) бойынша сырқаттанғандар саны азайған.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында оба, туляремия, геморрагиялық қызба (КҚГҚ, БСГҚ), күйдіргі және басқа да зооноздық инфекциялардың табиғи ошағы бар. Елімізде аса қауіпті жұқпалы аурулар табиғи ошағының аумағы айтарлықтай ауқымды. Оңтүстік өңірлерде конго-қырым геморрагиялық қызбаға шалдыққандар қатары бір деңгейде қалып отыр.
«КҚГҚ қатыты эпидемиялық маусым қарсаңында және оңтүстік өңірлерде күн жылы болатынын ескеріп, әкімдіктер аурулардың алдын алуға арналған шараларға аса мұқият қарауы тиіс», деді А.Цой.
Бұған дейінгі тәжірибені ескере отырып, МСАК, жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің және басқа да бейінді мамандардың КҚГҚ-ны ерте анықтау, диагностикалау және эпиданамнез жинау бойынша дайындығын арттыру қажет.
https://egemen.kz