Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланға қарасты №6637 әскери бөлімінде болып, жеке құраммен кездесті.
Бұл жолғы дәріс әскери қызметкерлердің бір-біріне әлімжеттік жасау оқиғаларын болдырмау, алдын алу, кінәлілерді заңды түрде жауапкершілікке тарту тақырыбына арналды. Мысал ретінде былтыр желтоқсан айында орын алған бір факт келтірілді. Алдын ала тергеу барысында келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметкердің мерзімді әскери қызметкерге күш көрсеткені анықталды. Екі тараптың өзара келісіміне сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды. Жиналғандарға әскер қатарында заң талаптарын бұзатындарға аяушылық болмайтыны, жарғыға орай қызмет ету бұлжымас талап екені, әскери-тергеу органдарының басты міндеті келеңсіз жайттарды болдырмау, кез келген қылмыстың жолын кесу, жасалған қылмыстарды жедел ашу болып табылатыны кеңінен түсіндірілді. Бұл орайда, профилактикалық кешенді іс-шаралардың тәрбиелік маңызы айрықша болмақ.
Дархан РЫМБЕКОВ,
ІІМ орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы Петропавл тобының басшысы, майор.