«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Derekter men däiekter

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау – өңірдегі іргелі аудандардың бірі. Орталығы – Саумалкөл ауылы. Ауданға қарасты ауылдық округтер саны – 14. Ауылдар саны – 78. Құрылған уақыты – 1928 жыл. Жер аумағы – 9620 шаршы шақырым. Тұрғындар саны – 36 мыңға жуық.

Айыртау батысында Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде Есiл ауданымен, шығысында Ақмола облысымен шектеседі.
Егіншілік пен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 735,5 мың, оның ішінде егістік алқап – 437,1 мың, шабындық – 13,4 мың, жайылым – 285,0 мың гектар. Орманды алқап – 142,0 мың гектар. 29,9 мың гектар жерді өзен-көл алып жатыр. Имантау, Жақсыжаңғызтау, Сырымбет (Жаманшоқы) тау жоталары орналасқан. Жері орманды-далалық аймаққа жатады.
Соңғы 4 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,4 есе өсіп, 70,5 млрд.теңгені құрады. Былтыр 385 мың тонна астық жиналды. 230 жаңа техника сатып алынды. 66 мың тонна сүт өндірілді. 2,5 мың адам жұмысқа орналасты. 1,5 мың кәсіпкерлік субъектілерінде 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Автомобиль жолдарының ұзындығы –1104 шақырым.
Аудан тарихи орындарға өте бай. “Ботай” қонысында әлем ғалымдары мен археологтарының бас қосуымен алқалы семинардың ұйымдастырылуы, Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің жоғары мәртебеге ие болуы, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінің бой көтеруі, Ақан сері, Үкілі Ыбырай секілді өнер тұлғаларының есімдері ұлықталып, алыптар туған елді мекендерге аттарының берілуі рухани жаңғырту үдерісіне кең жол ашты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp