«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстанда сатылымға улы ойыншықтар шыққан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында сауда орындарында құрамында фенол бар ойыншықтар сатылымға шыққан.

Көбіне-көп Қытайдан балаларға сапасыз әрі қауіпті тауарлар әкелінеді. Сол себепті улы ойыншықтардан балалар дем ала алмай, көздері қызарады. Облыста былтыр улы фенол бар 100-ден аса ойыншық жойылған.
«Мен ойыншықта өткір иіс барын байқадым. Оларды тез арада лақтырдық. Өйткені иісі жаман болғандықтан, ойыншықтарды балаларға беруден қорықтым. Арзан ойыншықтарды өте сирек аламыз. Кейін балалар зардап шекпес үшін қымбатырақ алған дұрыс», деді Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Некрасова.
Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов алынған сынаманы зерттеу кезінде фенол концентрациясының 13 есе артқаны анықталғанын айтты.
«Баланың көзі қызарып, ауыз және мұрнының шырышты қабығы қабынады. Ұзақ уақыт ойнаған кезде баланың дем алуы қиындайды», дейді ол.
Сарапшылар ойыншықты сатып алмас бұрын мұқият тексеруді сұрайды. Үлкендер өнімдердің толық сипаттамасын және сатушылардан тауардың серфикатын талап ете алады. Данияр Оспанов ойыншық сатып алмас бұрын оның иісіне мән беруге назар аударады.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінде шетелдік онлайн-сатушылар ойыншықтар қауіпсіздігін құжатпен растауы қажет. Егер анықтама болмаса, тауарды сатуға рұқсат етілмейді. 
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp