«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.03.2021

Петропавлда жоғалып кеткен адам табылды

Петропавлда жоғалып кеткен ІІ топтағы мүгедек, есту қабілеті нашар  адам полицейлердің күшімен табылып, үйіне қайтарылды. Оқиға кешкі мезгілде болған. Адасқан адам қала көшелерін білмеген.

ҰЛТ ЖАНЫНЫҢ АЙНАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мейрамына орай «Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру байқауы өтті.

Тікелей эфирде есеп берді

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың 2020 жылғы атқарылған жұмысы жөніндегі есебі бір сағаттан аса уақытқа созылды. Бейнеконференция байланысы режімінде өткен кездесуге қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары мен елді мекен тұрғындары қосылды, сондай-ақ полиция департаменті бастығының есебі «Facebook» және «Instagram» желілеріндегі ресми парақшалар арқылы да көрсетілді.

БАРЛЫҚ КҮШ ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖҰМСАЛАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болып, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша арнайы қызметтің көктемгі су тасқынына дайындығымен, кәріз желілері мен тазарту құрылғылары құрылысының жайымен танысты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы жиынға қатысып, ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар міндеттер қойды.

АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ

Облыстық музейлер бірлестігі мен И.Шухов атындағы қалалық кітапхана Амал мерекесін атап өтті.

Eskertu!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 18 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін екенін ескертеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

ЕРСҰЛТАН ЕРЛЕДІ

Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азияның ашық кубогі сарапқа салынды. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Австриядан 200-ге жуық спортшы қатысты.

КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛМЕГЕН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов «Antikor » орталығында жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін сыртқы талдау бойынша кеңес өткізді.

ГАЗЕТТІҢ pdf-нұсқасына жазылыңыз!

Құрметті оқырман! Өздеріңіз сүйіп оқитын облыстық қоғамдық-саяси «Soltüstık Qazaqstan» газетінің pdf-нұсқасы бұдан былай ақылы болады. Газеттің жаңа саны https://pdf.soltustikkaz.kz/ сілтемесі арқылы қолжетімді. Жазылу бағасы 1 жылға – 1200 теңге, жарты жылға – 600 теңге. Сайтқа жазылу ақысын «PayBox» төлем жүйесі арқылы оңай әрі жылдам төлеуге болады.