Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азияның ашық кубогі сарапқа салынды. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Австриядан 200-ге жуық спортшы қатысты.
14 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтаған додада Петропавлдағы «Қызылжар арландары» спорт клубының өкілі – Ерсұлтан Мұзаппаров сәтті өнер көрсетіп, чемпион атанды. Атап айтқанда, жарыстың екінші күні 90 килограм салмақ дәрежесінде белдескен Ерсұлтан барлық қарсыластарынан басым түсіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне олимпиадалық рейтингте ұпай үлестірілді. Атап айтқанда, жеңімпаздар 100 ұпайға ие болса, екінші орынға – 70, үшінші орынға – 50 ұпайдан қосылды.